Медициналық маска, арнайы киім мен аппарат: Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминмен кездесу барысында айтты

 

Фото: Reuters

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыруы бойынша Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде медициналық маскалар, обаға қарсы арнайы киімдер мен жасанды жолмен тыныс беру аппараттарын  жөнелтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминмен кездесу барысында айтты.

«Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар, Үндістанға елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараты жеткізіледі.