Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 31 қазақстандық көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 782 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 7 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 25 адам қайтыс болды.

2 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 436 адам коронавирус инфекциясынан (41 965 КВИ+ және 471 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 551 пациент стационарда, 27 885 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 782 адамның жағдайы ауыр,
• 188 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 115 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 5 мамырдағы мәлімет бойынша 101 жаңа жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 53 400;  

өлім жағдайлары – 829;

барлығы 52 100 адам сауығып шықты.