Жобаны 12 мамырдан бастап толыққанды іске қосу жоспарланып отыр
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 10 мамырдан бастап Ashyq қосымшасы арқылы жолаушыларға рұқсат беру жобасы енгізілу қолға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жобаны 12 мамырдан бастап жобаны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр.
«Мобильді қосымшаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялау есебінен жолаушының мәртебесі айқындалады: ол қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па деген мәртебесі анықталады. Яғни жолаушылар мен әуекомпаниялар және әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан санитариялық шараларға (маскалар, термометрия, желдету және т.б.) қосымша бақылау қамтамасыз етіледі. Термометрия (температураны қашықтан өлшеу) covid-19 белгілерін (дене температурасының жоғарылауы) анықтауға көмектеседі. Ashyq қосымшасын қолдану – жолаушылар мен қызметкерлер үшін қосымша қауіпсіздік кепілі», - делінген әуежайдың баспасөз хабарламасында.
Терминалдарға кіру процесінде ықтимал кідірістерге байланысты барлық жолаушылардан әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз мәртебесін тексеру сұралады.
«Терминал ғимаратына сары және қызыл мәртебесі бар жолаушыларға кіруге рұқсат берілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда, қаражатты қайтару бойынша сұрақтарды әуекомпанияларға жіберген жөн», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы 17 қаңтардан бастап шағын және орта бизнестің жекелеген нысандарына қолжетімділік ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тапсырыс беруші саналатын «Ashyq» мобильді қосымшасының көмегімен қамтамасыз етіледі.