Коронавирус пневмониясынан тағы 6 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері бұл індеттен 823 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

4 сәуірде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 177 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 80 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 53 299, 823 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 52 015-ке жетті.