Павлодарда коронавирус жұқтырған нәресте жансақтау бөлімінде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ бала дүниеге келгеннен кейін анасынан жұққан

Фото: ашық дереккөзден

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов  Өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматта өткізген  баспасөз жиынында облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта облысымызда КВИ жұқтырған 700-ден астам адам стационарларда емделіп жатыр. Ауруханалардың жүктемесі - 36 пайыз. 1 мыңнан астам адам үйлерінде ем қабылдауда. Өңірімізде жүкті әйелдерден де КВИ анықталуда. Соңғы тәулікте 1 жүкті әйел ауруханаға түсті. Сондай-ақ індетке шалдыққан 90 бала бақылауға алынған. 28 бала ауруханада жатыр. Ал, облысымызда жансақтау бөлімінде 33 адам жатыр. 12 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысы жансақтау бөлімінде жатқандардың арасында 1 жасқа толмаған нәресте бар екенін айтты.

"КВИ бала дүниеге келгеннен кейін анасынан жұққан. Дем жетіспегендіктен жансақтау бөлімінде екінші күн жатыр. Жағдайы оңалып кетуі тиіс", - деді Айдар Сейітқазинов.