Маңғыстау облысы «жасыл аймаққа» өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия еліміздің өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылордажәне Павлодар облыстары орналасқан.

«Сары аймақта» Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Ал Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары «Жасыл аймақта».