$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 16:22
Жаңалықтар

ШҚО-да қос азаматтығы анықталған 28 адамның арасында квазисекторда басшылық қызметте жүргендер де бар

Заңнама бұзғандарға айыппұл салынды

ШҚО-да қос азаматтығы анықталған 28 адамның арасында квазисекторда басшылық қызметте жүргендер де бар
көрнекі фото

Сәуір айында көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс аумағында қос азаматтығы бар тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды AltayNews.

Жауапқа тартылған адамдардың дені Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Сол арқылы азаматтық туралы заңнаманы бұзған. 

Сонымен қатар, Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Семей қаласында квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте жұмыс істеп жүрген тұлға да бар.

Бұл шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ҚР Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Алайда, елден тыс жерлерге уақытша шығатын азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдайды, сол арқылы ҚР азаматтық туралы заңнамасын бұзуға жол береді.

«ПД Көші-қон қызметі басқармасы тұрақты негізде қос азаматтықтың болуын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері қос азаматтық үшін - 28 азамат, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактілері туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін - 8 азамат, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін - 20 азамат тартылды»,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Серіктес жаңалықтары