ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Павлодарда әскери шақыру пунктінен қашқан екеудің бірі танымал футболшы болып шықты

2 мамырда әскери шақыру пунктінен қашқан Рүстем Назымбеков 2001 жылдың 2 мамырында дүниеге келген

көрнекі фото

Өткен аптада әскери міндетін өтеуге шақырылуға жататын Павлодар қаласының тұрғындары - 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков облыстық әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, рұқсатсыз кетіп қалған. Олардың бірі № 1 қалалық ауруханаға түсті.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскерге шақырылушылар 2 мамырда Павлодар облысы әкімдігінің 3-қабатында орналасқан облыстық жиналу пунктінің терезесінен секіріп, ол жерден кетіп қалған. Оның бірі жарақатына байланысты ауруханаға түссе, бірі (Рүстем Назымбеков) әлі іздестіріліп жатыр.

Vesti порталының хабарлауынша, Рүстем Назымбеков - 2018 жылы «Ақсу» футбол клубы сапында, 2019 жылы «Екібастұз» командасы сапында ойнаған футболшы. Сондай-ақ жартылай қорғаушы алматылық «Қайраттың» жастар құрамында болғанмен, келісім-шарт жасаспаған. Тіпті, алматылық ұжым Рүстем Назымбековпен келісім-шарт жасасуға ойыншының тәртіп мәселесіне қатысты бас тартқан болуы да мүмкін.

Жас футболшы 2019 жылы «Астана М» құрамында оқу-жаттығуға қатысып, ол ұжымда да орнын сақтап қала алмаған.  

Павлодар облыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров Әскери қызметтен жалтару фактілері бойынша әскерге шақырылушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімі, 387-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Полиция қызметкерлері екінші шақырылушының жасырынған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізуде