$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 16:00
Жаңалықтар

Бір айда бензин бағасы – 6%, дизель отыны 0,9% қымбаттады

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасы да өскен

Бір айда бензин бағасы – 6%, дизель отыны 0,9% қымбаттады
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бір айда (наурыз-сәуір) азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасы 1%, ақылы қызметтер 0,5% жоғарылады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылша (17,1%), картоп (12%), сәбізге (10,5%), күнбағыс майы (2,7%), құмшекер (2,5%), тауық сирағы (2,3%), жаңа жиналған жеміс (2%), қой еті (1,7%), ет өнімдері (1,2%), жарма (1%), шошқа еті (0,9%), макарон өнімдері, шай, пастерленген сүт (0,8%-дан), ұн (0,7%), сиыр етінің (0,6%) бағасы белгіленді. Минералды және ас су – 2%, салқындатылған сусындар – 0,9%, алкогольды сусындар 0,7% қымбаттады. Бағаның төмендеуі тек қиярға – 9,6%, апельсиндерге – 1,5%, қызанаққа – 1,1%, күрішке 0,6% қатысты тіркелді.

Тұрмыстық аспаптардың (2%), жеке қолданылатын тауарлар, шыны және қыш бұйымдар, құрылыс материалдары (0,7%-дан), автомобильдер (0,6%), тоқыма бұйымдар (0,5%), жуғыш және тазалағыш құралдар, киім және аяқ киім (0,4%-дан) бағасы өсті. Бензин – 6%, дизель отыны 0,9% қымбаттады.

Баға деңгейі монша (1,9%), санаторий (1,8%), мектепке дейінгі балалар мекемесі (1,2%), қоғамдық тамақтандыру (1,1%), шаштараздар мен сұлулық салондары (0,7%), интернет желісі (0,6%), қонақ үйлер қызметтерінде (0,5%) жоғарылады. Жолаушылар үшін теміржол көлігімен жол жүру ақысы – 0,8%, әуе көлігімен жүру ақысы 0,9% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығаруға қатысты тарифтер 1,2%-ға жоғарылады.

Серіктес жаңалықтары