Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты
Елімізде жұма намазын оқуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Яғни, 3 мамырдан бастап діни орындарда ашық аспан астында жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат етілді.
«Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде "жұма намазы", күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік арақашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады», - делінген қаулыда.
Қаулы 3 мамырдан бастап күшіне енді.