Олардың 17-сі - экипаж мүшесі 21-і - жолаушы болған
Антарктикадағы базаға бағыт алған чилилік әскери ұшақ радардан жоғалып кеткен. Бортта 38 адам болған, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
«C130 Hercules ұшағы 16:55-те ұшып (01.55 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша), 18:13-те байланыстан ажырап кетті (03.13 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша). Ол Пунта-Аренас қаласындағы «Чабунко» базасынан Антарктикадағы әуе базасына бағыт алған. Бортта барлығы 38 адам, оның 17-сі - экипаж мүшесі 21-і - жолаушы болған», - деп жазады ВВС.
Ұшақ базалардың бірін жанармаймен қамтамасыз ететін мұнай құбырында қызмет ететін жұмысшыларды тасымалдап келе жатқан.