Қазақстанның 9 өңірі КВИ таралуы бойынша қауіпті аймаққа өтті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Министр берген ақпарат бойынша, «жоғары эпидемиологиялық тәуекел аймағында» қазір 9 өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстары бар. Өткен аптада бұл тізімге Павлодар және Жамбыл облыстары енді.
«Орта эпидемиологиялық тәуекел аймағында» 5 өңір бар. Олар: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстары.
Қалған үш өңір - Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары әзірге «жасыл» аймақта.
«Соңғы үш аптада сырқаттану динамикасы іс жүзінде бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада сырқаттану көрсеткіші 2% - ға төмендеді. Өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет отырысында.