КВИ таралуы бойынша тағы екі өңір «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Шымкент қаласы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал қайта өршіген

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 3 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр;

«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр;

«Жасыл» аймақта: –Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.  

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2496 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 327 995 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 18 адам көз жұмды.