Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 280 мыңнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 1758 адам COVID-19 вирусынан жазылып шықты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 1758 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 444,
Алматы қаласында - 201,
Шымкент қаласында - 74,
Ақмола облысында - 121,
Алматы облысында - 118,
Атырау облысында - 195,
Шығыс Қазақстан облысында - 56,
Батыс Қазақстан облысында - 93,
Қарағанды облысында - 196,
Қостанай облысында - 6,
Қызылорда облысында - 35,
Маңғыстау облысында - 109,
Павлодар облысында - 42,
Солтүстік Қазақстан облысында - 54,
Түркістан облысында - 14.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 280 342 адамға жетті.