КВИ таралуы бойынша Алматы облысы қайтадан «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Атырау облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы облысы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтсақ:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр;

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары тұр;

«Жасыл» аймақта: –Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.  

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2804 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 325 499 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 24 адам көз жұмды.