Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 769 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 1 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 31 адам қайтыс болды.
Министрлік мәліметі бойынша, 42 510 адам коронавирус инфекциясынан (42 019 КВИ+ және 491 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 843 пациент стационарда, 27 677 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 769 адамның жағдайы ауыр;
• 184 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 125 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, коронавирус белгілері бар пневмониядан 29 сәуірдегі мәлімет бойынша 98 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған. 95 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 52 942;
өлім жағдайлары – 801;
барлығы 51 650 адам сауығып шықты.