Шұғыл«Тағы да антирекорд»: Қазақстанда өткен тәулікте 6 521 адамнан коронавирус анықталды

Президент Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ескендір Өтегенұлының жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын айтты

 

 

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті композитор һәм жұртқа танымал әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ескендір Өтегенұлын халқымыз қоңыр дауысты әнші және жан тебірентерлік әндер шығарған композитор ретінде өте жақсы көрген еді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында жемісті еңбек етіп, отандық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты. Халқымызға 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармаларын тарту етті. Әсіресе, «Атамекен», «Анаға сәлем», «Есіңе ал», «Айналайын», «Әдемі-ау», «Гүлсезім» және басқа да тамаша туындылары көрермен тарапынан жоғары бағасын алды. Халқымыздың сүйіспеншілігі мен айрықша құрметіне бөленді. Еліміздің өнері мен мәдениетін өркендетуге атсалысып, соңына жарқын із қалдырған Ескендір Өтегенұлының бейнесі ұмытылмайды, есімі халқымыздың жадында сақталады», – делінген жеделхатта.