АҚШ-та қауіпті індеттен 574 мың адам көз жұмды
Бразилия пандемия құрбандары саны жөнінен әлемде екінші орынға шықты, мұнда COVID-19 вирусынан көз жұмғандар саны 400 мыңнан асты. Соңғы бір тәулікте бұл елде 3001 адам қайтыс болды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус жұқтырудың 69 389 жаңа жағдайы анықталды. SARS-CoV-2 жұқтырғандардың елдегі жалпы саны 14,5 миллионнан асты.
Португалияда бес айға дейін жалғасқан төтенше жағдай режимі жеңілдетілуде. 1 мамырдан бастап мейрамханалар, кафелер мен барлар, сондай-ақ театрлар, кинотеатрлар мен басқа да мәдени - ойын-сауық орындары демалыс күндері сағат 22:30-ға дейін келушілерге қызмет көрсете алады. Бұған дейін коменданттық сағат демалыс күндері сағат 13:00-ден бастап енгізілген. Сонымен қатар сауда орталықтарына жұмыс күндері сағат 21:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 19:00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етілді. Бұдан бөлек, 1 мамырдан бастап Испаниямен құрлық шекарасы ашылады.
Германияда бір күн ішінде (29 сәуірде) 1 миллионнан астам адамға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды Роберт Кох институты. 970 295 адам екпенің бірінші компонентін алса, 118 657 адам екінші компонентін қабылдаған. Қазір вакцинаның бірінші дозасын Германия тұрғындарының 25,9%-ы алды. Ал екпенің екі дозасын да қабылдаған халықтың жалы үлесі 7,5%-ын құрайды.