Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 қазақстандық көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

196 науқастың жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 30 адам, КВИ пневмониясынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Өлім жағдайы Алматы (9), Нұр-Сұлтан (4), Шымкент (1), Ақмола облысы (2) Ақтөбе облысы (2), Алматы облысы (2), Атырау облысы (2), ШҚО (1), Жамбыл облысы (1), БҚО (4), Қарағанды облысы (4), Қызылорда облысында (1) тіркелді.

30 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 730 адам коронавирустан емделуде: 15 207 науқас стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

763 адамның жағдайы ауыр;

196 пациенттің жағдайы өте ауыр;

112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.