30 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің кей өңірлерінде қатты жел соғып, найзағай ойнайды
Синоптиктер жұма, яғни 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек еліміздің батыс жартысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, солтүстікте тұман түседі», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Түркістан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады, кей жерлерде жел күшейіп, екпіні 20-25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, күндіз жел күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.