Қостанай облысы «жасыл» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақтағы өңірлердің саны азайды

Фото: kstnews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

29 сәуірдегі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.