Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
«Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр», - деп жазды Берік Уәли.
Ол сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайтынын жеткізді.
«Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді», - деді Б. Уәли.