Бұл жоба карантин кезеңінде қызметін қайта бастай алмаған кәсіпкерлерге түрлі жеңілдіктермен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді
Нұр-Сұлтанда "Ashyq" жобасына қатыспайтын кафелер, мейрамханалар мен басқа да ШОБ нысандарының жұмыс уақытын 20:00-ге дейін қысқартуға болады, ал жобаға қатысушылар аптаның кез келген күні 00:00-ге дейін жұмыс істей алады, деп мәлім етті елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
«Ashyq» пилоттық жобасының негізгі мақсаты — келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жұрт қоғамдық орындарға баруы себепті өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды. Осылайша вирустың таралуы мүмкін фактілермен жиі күресуге тура келеді. Яғни, "Ashyq" жобасы адамның мекемеге кірген кезде оның мәртебесін көруіне мүмкіндік береді: байланыста болған, COVID-19 үшін теріс немесе оң тест.
Сондай-ақ, "Ashyq" жобасы карантин кезеңінде қызметін қайта бастай алмаған кәсіпкерлерге түрлі жеңілдіктермен біртіндеп немесе толық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
«Бұл жоба коронавирустың таралуын болдырмауға көмектеседі. Себебі ол келушілер мен қызметкерлерді қауіпті індеттен қорғайды. Қауіпсіз жобаның арқасында кинотеатрлар, фитнес-клубтар, бассейндер, театрлар сияқты көптеген нысандар жұмысын қайта бастады. "Ashyq" жүйесі бойынша жұмыс істейтін бизнес нысандары барлық күндері 00:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал өзгелеріне — 22:00-ге дейін әрі демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған. Егер олар өз қызметкерлері мен келушілерінің қауіпсіздігі туралы ойламаса, олардың жұмыс уақытын 20:00-ге дейін қысқартуға мәжбүр боламыз», — деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
Үкімет отырысында «Ashyq» жобасы бойынша қызметін қайта бастаған «Астана Балет» және «Астана Опера» театрлары жобаның қауіпсіз және тиімді жұмысының үлгілі мысалдары болып саналатыны айтылды. Бұл театрлардың жұмыс тәжірибесін өңірлерге кеңейту қажет.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық мекемеге кірер алдында пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді және оны кіреберістегі әкімшіге ұсынады. Код келушінің мәртебесін анықтайды. Әр түске сәйкес мәртебе келесідей мағына береді: