Әйелдер командасы төртінші орын иеленді
Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер командасы бірінші, Қазақстан әйелдер командасы төртінші орын иеленді.
Қазақстан ұлттық командасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған.
Арли Чонтей Азия чемпионы атанса, Абылай Әуелханов, Карина Кузганбаева және Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлде алды.
Ал Екатерина Быкова, Айзада Мүптілда және Артем Антропов қола жүлдегерлер қатарында.