COVID-19: Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 878 мыңнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Ең аз вакцина салынған өңір ретінде Атырау облысы тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

25 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 878 067 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 878 067 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 157 010 адамға жетті. 

Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 176823 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген. 

Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде Атырау облысы тіркелді. Бұл облыстағы халықтың тек 15287-іне ғана вакцинаның бірінші дозасы егілген.