КВИ таралуы бойынша Қызылорда облысы «қызыл» аймақтан шықты
«Қызыл» аймақта әлі тоғыз өңір қалып отыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 25 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша Қызылорда облысы «қызыл» аймақтан шығып, «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: –Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2830 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 306 400 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 18 адам көз жұмды.