Алматыға ұшып келген 4 азамат Өзбекстанға депортацияланды
Елімізге халықаралық әуе рейстерімен бір тәулікте 5126 жолаушы келді
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 24 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 5 126 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 078 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 918 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 757 жолаушы;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы;
- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 223 жолаушы келді.
«Сонымен қатар, 24 сәуірде Ош – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген өзбектандық төрт азамат Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды», - делінген комитет хабарламасында.