Республика бойынша 716 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 15 адам, КВИ белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды.
Министрлік мәліметі бойынша, 41 711 адам коронавирус инфекциясынан (41 203 КВИ+ және 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 827 пациент стационарда, 26 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 716 адамның жағдайы ауыр;
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 23 сәуірдегі мәлімет бойынша 86 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 52 434;
өлім жағдайлары – 771;
барлығы 51 155 адам сауығып шықты.