Былтыр бюджетке ең көп салық түсірген қазақстандық компаниялардың рейтингі жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Былтыр мемлекеттік бюджетке салықтан 8,6 трлн теңге түскен

көрнекі сурет

Былтыр Қазақстанда ең көп салық төлеген 50 ірі компания мемлекетке 3,9 трлн теңге салық төлеген. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 32,3%-ға аз, деп хабарлайды finreview.

2020 жылы мемлекеттік бюджетке салықтан 8,6 трлн теңге түскен. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 655,3 млрд теңгеге аз. Салық түсімінің азаюына коронавирус пандемиясы әсер еткені белгілі.

Былтыр бюджетке ең көп салық түсірген компаниялардың дені - әдеттегідей мұнай және газ өндірумен айналысатын кәсіпорындар (2,3 трлн). Одан кейінгі орында металлургия (493,3 млрд теңге), темекі өнеркәсібі (271,5 млрд) және тау-кен өндірісі және карьерлерді қазумен айналысатын компаниялар (200,9 млрд теңге).

Тегтер: