Марат Әзілханов жаңа қызметке тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Марат Алмасұлы Әзілханов 1965 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін (емдеу ісі), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын (Құқықтану) бітірген.

Еңбек өтілін 1988 жылы бастаған. 1988-1992 - қалалық аурухананың интерн-дәрігері, Қызылорда қаласы №5 емхананың хирург-дәрігері.

2011-2013 жылдары дін істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013-2014 - Дін істері агенттігінің төрағасы.

2014-2016 жылдары Мәдениет және спорт вице-министрі болды.

2016-2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

2018-2019 - Қоғамдық даму министрлігінде жауапты хатшы болды.

2019 жылдан бастап бүгінге дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.