Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын
Маңғыстау облысында «Бекіре-2021» іс-шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды.
Полиция қызметкерлері Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында УАЗ автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлер жүксалғыштан жалпы салмағы 148 келіден асатын бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі. Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.