Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 33 адам көз жұмды

30 адам коронавирустан, 3 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 33 адам көз жұмды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды. Оның ішінде 30 адам коронавирустан, 3 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Өлім жағдайы Алматы (11), Нұр-Сұлтан (5), Шымкент (3) Ақтөбе облысы (4), Алматы облысы (5), БҚО (1), Қарағанды облысы (2), Қызылорда облысы (1), Маңғыстау облысында (1) тіркелді.

20 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан 38 997 адам ем қабылдап жатыр, оның 13 836-і стационарда, ал 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастар арасында 674 адамның жағдайы ауыр, 176 адам өте ауыр жағдайда жатыр. 99 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.