Қазақстандық журналист сал ауруымен туған қызына көмек беруді сұрайды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жеңіл әрі мобильді бесік арба алуға 1 млн теңге қажет екенін айтты

фото: www.facebook.com/dinara.aibasova

Журналист Динара Айбасова церебралды сал ауруымен туған қызына бесік арба мен арнайы отыратын құрылғы алу үшін халықтан көмек сұрайды. Ол бул туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Жақында 4 жасқа толатын Адель есімді қызы мойнын және аяқ қолын өздігінен ұстай алмайды. Тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған бүлдіршін одан тыс талма ауруына шалдыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

«Достар, мен Адель үшін қаржы жинау шотын ашуға мәжбүрмін. Бізге ары-бері қозғалатын құрылғылар керек болып тұр. Адель мойнын өздігінен ұстай алмайды және аяқ-қолымен жерді тіреп жүре алмайды. Осындай тірек-қозғалыс жүйесіндегі кемшілікке көмектесетін техникалық реаблитациялық құрылғы (ТСР)  бар екенін білдім. Бірақ ол арзан емес. Мемлекет тарапынан берілген осындай қоларбамыз бар, үйдің ішінде қозғалатын кезде де соны пайдаланамыз. Біз сияқты елде көптеген балалар бар. Мен АҚШ-та өндірілетін Special Tomato деп аталатын кресло-бесік арбаны таңдадым. Ол өте ыңғайлы жасалған. Аделдің қозғалуына, көшеде де еркін қыдыруына қолайлы екен. Ол жеңіл әрі мобильді. Әдеттегі бесік арбалардың салмағы 25-30 кг», - деп жазды Динара Айбасова.

Адельдің анасы бұл құрылғының бағасы 1 млн теңге екенін айтады. Динара Айбасова республикалық телеарналарда, ақпарт агенттіктерінде жұмыс істеген. Қазір отбасылық жағдайына байланысты Петропавл қаласына көшіп кеткен.

«Қызым менің жалғыз балам, өзім қазір қашықтан жұмыс істеймін. Көп жыл Алматыда ақпараттық агенттіктерде, телеарналарда тілші болып жұмыс ісегенімді білесіздер. Адель осыдан 3 жыл 10 ай бұрын ДЦП және эпилепсия ауруымен туды. Сол себепті ата-анамның қасына - Солтүстік Қазақстан облысына көшіп бардым. Қазір ата-анам көмектеседі. Десе де, Аделге арналған арбаны алу қымбатқа түседі екен. Халықтан көмек сұрауға мәжбүр болдым. Кешірім өтінемін!», - дейді журналист.

Реквизиттер:

????+7 777 335 85 48 нөмірі Каспи голд-қа тіркелген

KASPI GOLD: 5169 4971 9846 2958

Динара Галымовна

????HALYK BANK (visa) : 4390 8722 0044 8852

DINARA RASKAZOVA

????QIWI-кошелек +7 777 335 85 48