Мяликгулы Бердымұхамедов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
«Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр тілеймін» – деп жазылған жеделхатта.
Мяликгулы Бердымұхамедов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, ол 1932 жылдың 12 тамызында дүниеге келген.