КВИ таралуы бойынша екі өңір ғана «жасыл» аймақта тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа жақындап келеді

Фото: inform.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 18 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 8 өңірі әлі де «қызыл» аймақтан шыға қойған жоқ. «Жасыл» аймақта тек екі облыс қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтсақ:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр;

«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр;

«Жасыл» аймақта: – Қостанай және Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2828 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны  287 001 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 22 адам көз жұмды