Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 37 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус жұқтырған 641 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 17 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметі бойынша, 36 757 адам короновирус инфекциясынан (36 292 КВИ+ және 465 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 933 пациент стационарда, 23 824 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 641 адамның жағдайы ауыр;
• 159 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 15 сәуірдегі мәлімет бойынша 68 жаңа жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 72 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 51 763;  

өлім жағдайлары – 748;

барлығы 50 550 адам сауығып шықты.