Жемқорлық күдігіне ілінген атыраулық шенеунік 66-бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Басқарма басшысы парақорлық пен алаяқтық жасады деген күдік бойынша ұсталған 

Серік Қамидолла, басқарма басшысы

Атырау қаласындағы №2 қалалық сот Қылмыстық кодекстің 65-бабын ("Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату") қолдана отырып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланы қылмыстық жауаптылықтан босату туралы қаулы шығарды. Бұл туралы azh.kz хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетсек, 25 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер Серік Қамидолланы парақорлық пен алаяқтық жасады деген күдік бойынша ұстады, бірақ содан кейін іс ҚР ҚК 361-бабымен ("Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану") қайта сараланды.

Бұл іс қоғамда күтпеген жерден резонанс тудырды. Наурыз айының соңында Құлсары және Атырау қаласынан бір топ тұрғыны - дені көп балалы аналар мен мүгедек балалары бар аналар басқарма басшысына қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды талап етті .

15 сәуірде №2 қалалық сот баспасөз-релизін шығарды, онда:

«15 сәуірде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚК-нің) ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген С.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу кезінде С.К. айыпппен толық келісіп, дәлелдемелерді дауламаған және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен жүргізілген.

Сот талқылауы да қысқартылған тәртіппен жүргізілді, сотталушы  өз кінәсін толық мойындап, шынайы өкінді және өзіне қатысты ҚК-нің 65-бабын қолданып, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Сот, сотталушымен онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмысын алғаш рет жасалғанын, оның жеке басын, яғни отбасында мүгедек қызы, жасөспірім үш баласы бар екенін, олардың асыраушысы тек өзі екенін, жәбірленушілердің мүліктік талабы жоқ екенін, тергеу кезінен айыбын мойындап, қылмыстық құқық бұзушылықтың ашылуына ықпал еткенін ескеріп, ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлық қылмысын алғаш рет жасаған жасаған адамды тек қана сот шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін деген заң талаптарын басшылыққа алып, сотталушы С.К.-ны ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, ҚК-нің 65-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатуды әділ деп санады» делінген.

Анықтама:

ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабы – «Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату»

 1. Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткені, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті баптарында арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс, азаптаулар, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.