Қазақстандық дипломат 2 апта бойы үйінде қатты ауырған
Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы коронавиру жұқтырды. Бұл туралы қазақстандық дипломат facebook желісінде жазды.
«Құрметті достар, екі апта үйде қатты ауырып жаттым. Үш рет PCR-тест тапсырдым. Бірақ ештеңе шықпады. Бүгін өкпе томографиясы түсіріп ем, өкпем қабынып, ковид болғанымды білдім. Аман болайық. Ауырмаңыздар», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Абзал Сапарбекұлы ҚР-ның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2017 жылдың сәуірінде тағайындалды.