$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2021, 15:14
Жаңалықтар

Матрастағы ару: Қайыңды көлінде видео түсіргендер жауапқа тартылуы мүмкін

Оларға ескерту жасалуы немесе екi АЕК мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін

Матрастағы ару: Қайыңды көлінде видео түсіргендер жауапқа тартылуы мүмкін
скриншот: видео

Әлеуметтік желіде Қайыңды көлінде матраста жүзген қыздың видеосын қызу талқыланып жатыр. Кейбір эко-белсенділердің шағымынан кейін Қайыңды көлінде болған жағдайға қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми өкілі жауап берді.

Министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның айтуынша, инспекторлар видео авторына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 380-бабы бойынша хаттама толтырған.

«Мұндай фактілердің жолын кесу керек. Адамдар әдемі кадр үшін табиғатқа құрмет танытпай жатыр», - деп жауап берді ведомство өкілі.

Ал, эко-белсенді Сәкен Ділдахмет көлдің ұлттық парк аумағында орналасқанын, шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салып, видео авторларына қатысты шара қолдануға шақырды.

«Көлдің ұлттық парк аумағында орналасқанын, шомылуға қатаң тыйым салынғанын түсіну қажет. Бүгін матрас болса, ертең қайық. Осылай біз көлдің басты ерекшелігі - суға батқан орманнан айырылып қалуымыз ғажап емес», - дейді эко-белсенді.

Еске сала кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 380-бабы бойынша жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы - ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары