Алматыда күдік тудырған жәшік үшін бірнеше көше жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандардың тексерісінен кейін күдіктер мен қауіптер расталмады, қорап иесіз болды

Фото: ria57.ru

Алматыда күдік тудырған жәшік үшін көшелерді жауып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сайын көшесі мен Төлеби даңғылы қиылысында күдік тудырған жәшіктің тұрғаны туралы дабыл келіп түсті. Қаланың төтенше жағдайлар және жедел қызметтері мұндай хабарламаларға жауап беру бойынша алғашқы шаралар аясында бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті: апат орыны қоршауға алынды, көліктерді патрульдік полиция баламалы маршруттар бойынша бағыттады», - деп хабарлады полицияда.

Мамандардың тексерісінен кейін күдіктер мен қауіптер расталмады, қорап иесіз болды. Сонымен қатар, Алматы қаласының ПД азаматтарға сақтық танытқандары үшін алғыс білдіреді.

Тегтер: