Жедел-тергеу іс-шаралары барысында камерадағы адамдардың арасында жанжал болғаны анықталды
Қарағанды тергеу изоляторындағы камерада ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің хабарлауынша, 2 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері мекеме камерасынан қамауға алынғандардың бірінің мәйітін тапты.
«Жедел-тергеу іс-шаралары барысында камерадағы адамдардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқаны мәлім болды. Олардың бірі екіншісін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болды», - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер.
Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі таңда соталды тергеу жүріп жатыр.