$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2019, 11:24
Жаңалықтар

Украинада 8 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды

Бұл шешім Одесса колледжіндегі өртке байланысты қабылданды

Украинада 8 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Украина Президенті Владимир Зеленский 7 адамның өліміне алып келген Одесса колледжінде болған өртке байланысты 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Украинформға сілтем жасап. 

«Бүкіл Украинада аза тұту күнінде: мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінде және ғимараттарында Украинаның Мемлекеттік Туы түсірілсін; ойын-сауық және концерттік шаралардан бас тартылсын, теледидар мен радио бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілсін», - делінген Президент Жарлығында. 

Владимир Зеленский бұл шешіміне Facebook-те пікір білдіріп, осы қайғылы оқиға барлық шенеуніктер, басшылар, барлық Украина азаматтары үшін сабақ болуы керектігін айтты.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Одессаның Экономика, құқық және қонақ үй мен мейрамхана бизнесі колледжінде өрт болып, жеті адам қаза тапқан еді.

 

Серіктес жаңалықтары