Коронавирус пен пневмония: Қазақстанда бір күнде 28 адам қайтыс болды
Қазір стационарларда 12 мыңнан астам науқас емделуде, олардың 600-ге жуығы ауыр халде

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды. Оның ішінде 24 адам коронавирустан, 4 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
Өлім жағдайы Алматы (12), Нұр-Сұлтан (2), Шымкент (1), Ақтөбе облысы (5), ШҚО (1), Жамбыл облысы (1), БҚО (1), Қарағанды облысы (1), Ақмола облысы (1), Қызылорда облысы (2), Павлодар облысында (1) тіркелді.
13 сәуірдегі мәлімет бойынша, елімізде 35 178 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы науқастар арасында 586 адамның жағдайы ауыр, 175 пациенттің жағдайы өте ауыр екені хабарланды. 112 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.