Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған 546 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 11 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік мәліметі бойынша, 32 899 адам короновирус инфекциясынан (32 241 КВИ+ және 658 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 003 пациент стационарда, 20 896 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 546 адамның жағдайы ауыр;
• 163 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 9 сәуірдегі мәлімет бойынша 102 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған, 159 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 51 362;
өлім жағдайлары – 727;
барлығы 49 977 адам сауығып шықты.