Қазіргі таңда 523 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 10 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік мәліметі бойынша, 31 360 адам короновирус инфекциясынан (30 640 КВИ+ және 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 505 пациент стационарда, 19 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 523 адамның жағдайы ауыр;
• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 8 сәуірдегі мәлімет бойынша 101 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған, 170 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 51 260;
өлім жағдайлары – 722;
барлығы 49 818 адам сауығып шықты.