«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа басшыны ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының шешімімен Есімханов Сұңғат Қуатұлы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.

Бұған дейін Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің  Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы, «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ президенті, Маңғыстау және Қарағанды ​​облыстарындағы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін және «Болашақ» институтын бітірген.