Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Нұр-Сұлтан қаласына ПТР-анықтамасыз ұшып келген

көрнекі фото

6 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мальдив, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 31 халықаралық әуе рейсімен 4 388 әуе жолаушысы келді. Олардың ішінде 4367 жолаушыда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 21 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.

  • Алматы әуежайына – 15 рейс (2 450 жолаушы, анықтамамен - 2 430, анықтамасыз - 20);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 7 рейс (748 жолаушы, анықтамамен - 747, анықтамасыз - 1);
  • Шымкент әуежайына – 7 рейс (915 жолаушы анықтамамен келген);
  • Ақтау әуежайына – 2 рейс (275 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 5 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген 29 Қазақстан азаматтының бірінен коронавирус анықталды. Ол Дубай қаласынан Нұр-Сұлтанға ұшып келген.