Жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі 21-23 мамыр күндері өтеді
Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтетін мерзім анықталды, деп жазады Olympic.kz.
Федерацияның мәліметінше, аталған ел біріншілігі мен Қазақстанның көктемгі чемпионаты 21-23 мамыр күндері өтеді.
Жарыс Алматыда ұйымдастырылады. Турнирді өткізу барысында барлық санитарлық талаптар сақталады.