Сәуір мен қазан аралығындағы ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
«Қазгидромет» консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер сәуір және қазан айлары аралығындағы ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен, сәуір айында республиканың барлық аумағында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп болжам жасалды.
Сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжанады, Алматы, Ақмола, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында нормаға жуық,– Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс жартысында, Алматы облысының шеткі солтүстік-шығысында нормадан жоғары болады.
Мамыр айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормаға жуық болуы мүмкін, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында нормадан 1° жоғары. Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжануда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысының солтүстігінде, нормадан төмен- Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде нормадан жоғары болады.
Жаздың басы республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында күтіледі, елдің шығысы мен оңтүстік-батысында температурасы климаттық нормадан 1° жоғары болады, ҚР қиыр солтүстік-батысында ауа температурасы нормадан 1° төмен болуы ықтимал.
Маусым айында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аз болады деп болжануда, Қарағанды, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, елдің оңтүстігінің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық, ал Қазақстанның солтүстік бөлігінде нормадан көп болады.
Шілдеде елдің шығыс жартысында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп болжанады, республиканың батысында климаттық нормадан 1-2° жоғары болады. Жаздың ортасында ҚР көптеген облыстарында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болуы мүмкін, нормаға жуық-елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында. Жаздың соңында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормаға жуық, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1° жоғары болады.
Тамыз айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжануда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының басым бөлігінде нормаға жуық, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан аз болады.
2021 жылдың күзінде ауаның орташа температурасы ҚР басым бөлігінде норма шамасында болжануда, республиканың солтүстік-батыс жартысында ғана нормадан 1°жоғары болады. Нормаға жуық жауын-шашынның мөлшері елдің басым бөлігінде, ҚР солтүстік-шығысында-нормадан жоғары, республиканың батысында-нормадан аз болады.
Ескертпе: маусымдық болжам ауа температурасының және жауын-шашынның климаттық нормасынан ауытқуды білдіреді, яғни нормаға қатысты ай жылы немесе суық, жаңбырлы немесе құрғақ болады. Болжамның бұл түрі суық және жылу толқындарының басталу мерзімдерінің қателігі мен ығысуына ие болғандықтан, маусымдық болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керек, ол кейіннен айға, онкүндікке, аптаға арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.