Құтқарушылар тұрғындарға алдағы екі күнде қар жауған беткейлерге шықпауға кеңес берді
Алматы тауларында алдағы екі күнде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлады қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Үлкен мен Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын, биіктік және қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты қар көшкіні қаупі 5-6 сәуірде сақталады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарламада.
Құтқарушылар тұрғындарды сақ болуға шақырып, алдағы екі күнде қар жауған беткейлерге шықпауға кеңес берді.